$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 448 мың теңгеден асты

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 448 мың теңгеден асты
Фото: Azattyq ruhy

2025 жылдың екінші жартысында қазақстандықтардың жалақысы 11,3 пайызға көбейіп, 448,6 мың теңгеге жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың жалақысы көбейгенмен нақты кіріс былтырғы қалпында қалған.

Орташа жалақы 448 мың теңгеден асса да инфляцияны ескергенде жалақы шын мәнінде көбейген жоқ деуге болады. Яғни, табыс деңгейі 2024 жылдағыдай деңгейде қалған. Бұл – соңғы сегіз жылдан бергі нашар көрсеткіш.

«Бұған дейін сегіз жыл бойы жалақы нақты өсімді көрсетіп отырған. Яғни, жалақы жыл сайын 2,5 пайызға артып отыратын. Биыл құрылыс саласындағы жалақы 10,8 пайызға, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы жалақы 3,1 пайызға азайып қалды», - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Серіктес жаңалықтары