$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан экономикасының өсімі бұған дейінгі болжамнан асып түсті

Оған басты себеп – мұнаймен байланысты емес сектордың дамуы

Қазақстан экономикасының өсімі бұған дейінгі болжамнан асып түсті
Фото: istockphoto.com

2024 жылы Қазақстан экономикасы алдын ала бағалау бойынша 5 пайызға өскен. Бұған дейін жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,8% болады деп болжанған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оған негізгі себеп – мұнаймен байланысты емес салалардың дамуы.

«Бұдан бұрын ЖІӨ өсімі алдын ала бағалау бойынша 4,8% болады деп күтілген. Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2024 жылғы экономикалық өсім мұнайға жатпайтын сектордың айтарлықтай дамуының арқасында қамтамасыз етіліп отыр», - деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігі.

Мәселен, тауар өндірісі 6,3% (алдын ала дерек 5,5%), қызмет көрсету секторы 4,6% өсім көрсеткен. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,8%-ға (бұрын 5,9%) өскен. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш, дейді ведомство.

Сонымен қатар, құрылыс секторы 15,3%-ға (бұрын 13,1%), ауыл шаруашылығы 13,7%-ға (бұрын  13,3%) ұлғайып, айтарлықтай үлес қосты. Ішкі сауда көлемі және көлік пен қоймалау қызметі де артқан.

Осының бәрі нақты секторға қолдау көрсету, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, инвесторларға тиімді жағдай жасау және қаржыға қол жеткізуді арттыру шараларының арқасында мүмкін болған. Нәтижесінде ішкі сұраныс артып, кәсіпкерлік белсенділік өсті және өндірістік әлеует артты, деп атап өтті министрлік.

Қазір өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі – 12,4%, бұл тіпті тау-кен өндірісінен (12%) де көп.

«Осылайша маңызды салалардағы, әсіресе өңдеу өнеркәсібіндегі оң серпін есебінен экономиканың одан әрі орнықты өсуі мен әртараптандырылуына негіз жасалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары