$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2020, 16:44
Экономика

Карантин кесірінен қазынаға 125 миллиард теңге түспей қалды – Жамаубаев

Қаржы министрі халыққа есеп берді 

Карантин кесірінен қазынаға 125 миллиард теңге түспей қалды – Жамаубаев
Фото: ашық дерек көздерінен

Бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында есеп беріп, мекеменің осы күнге дейін атқарған жұмысы туралы баяндады. Оның сөзінше, карантинге қатысты салықтан босату шаралары мен бизнестің зардап шегуі нәтижесінде қазынаға қаржы жоспарланғаннан 6,6 %-ға кем түскен.

«Соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 125 миллиард теңге түспей қалды.  Біз 2 трлн 236 млрд теңге болады деп жоспарлағанбыз, бірақ қазынаға 2 трлн 111 млрд теңге түсті. Яғни, жоспар 94,4%-ға орындалды» , - деді Қаржы министрі. 

Министр сейсенбі күнгі Үкімет отырысында салық түсімдерінің азаюы сәуір айынан басталып, мамырда жалғасқаны туралық айтқан.

«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректері бойынша кәсіпкерлік белсенділіктің ең көп төмендеуі көтерме және бөлшек саудаға тиесілі. 2019 жылғы мамырмен салыстырғанда 54%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге тауарларды өткізу бойынша айналымдар төмендеген Негізгі экспорттық позициялар бойынша бағалар 2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда орта есеппен 16,4%-ға және жыл басынан бері 13,2%-ға төмендеді», - деген ол баяндамасында.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары