$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ипотека арзандайды

Қазір ипотеканың шекті мөлшерлемесі – 25 пайыз

Қазақстанда ипотека арзандайды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендетілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлескен қаулы қабылдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді», - делінген хабарламада.

Қалған несиелер бойынша ЖТСМ мөлшері: банк қарыздары бойынша – 46%; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша – 35%; микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 46% қалып отыр.

Сонымен қатар микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге, айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде беретін микрокредиттер бойынша күніне 0,3 пайыздан аз, бірақ 179 пайыздан аспауға тиіс.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Серіктес жаңалықтары