03.06.2025, 06:08
Экономика
Мамырда жылдық инфляция 11 проценттен асты
Инфляция сәуірде 10,7%, наурызда 10% болған еді
Фото: istockphoto.com
Ұлттық статистика бюросы мамырда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,3% болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетері, инфляция сәуірде 10,7%, наурызда 10% болған еді.
2025 жылғы мамырда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,9% құрады (2025 жылғы сәуірде – 1,2%).
Бір айлық мәндегі бағаның өсуі:
- ақылы қызметтер – 1,3%,
- азық-түлік тауарлары – 0,9%,
- азық-түлік емес тауарлар – 0,6%.
Тұтыну бағалары индексінің құрылымындағы өсім:
- ақылы қызметтер – 16%,
- азық-түлік тауарлары – 9,6%,
- азық-түлік емес тауарлар – 9%.
Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов жыл соңына дейін инфляция 10 пайыз деңгейінде болжанып отырғанын хабарлаған болатын.
«Осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция 10 пайыз шамасында болады деп күтіп отырмыз», - деді Қасенов Үкіметте өткен брифингте.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды