04.03.2025, 14:11
Экономика
Жыл соңына дейін Қазақстанда инфляция қанша болады
Үкімет инфляция бойынша уәде етілген дәлізден аспаймыз дейді
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда жыл соңына дейін инфляция 10 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналистер қосылған құн салығы әлі көтерілмесе де, тауарлар қымбаттап кеткеніне назар аударып, жыл соңында инфляция бұған дейін уәде етілген 9-10 пайыздан асып кетпей ме деп сұрады.
«Жалпы инфляция бар екені рас. Бірақ мен мынаны атап өткім келеді. Инфляция бойынша тренд қазір теріс мәнде. Мәселен, былтыр инфляция 8,6%, оның алдыңғы жылы 10% шамасында, ал оған дейін 20% деңгейінде болған. Ал осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция 10 пайыз шамасында болады деп күтіп отырмыз», - деді Қасенов Үкіметте өткен брифингте.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды