$ 510.58  571.8  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын ТОП-10 елдің қатарына кірген

Жақында бұл өнім Таяу Шығыс елдеріне де сатылады

Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын ТОП-10 елдің қатарына кірген
Фото: freepik.com

Қазақстан майлы өнімдердің әлемдік нарығында өз позициясын нығайтып жатыр. Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратынша, соңғы үш жылда елімізде күнбағыс майының өндірісі 2,5 есе, экспорт 4,8 есе өсті, ал оралған майдың импорты 11 пайызға қысқарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осылайша Қазақстан 2024 жылдың қорытындысы бойынша алғаш рет 8-ші орыннан көрініп, әлемдегі ең ірі күнбағыс майын экспорттаушылардың ондығына енген. Сондай-ақ, Қазақстан Еуропа одағына күнбағыс өнімін жеткізетін жетекші елдердің үштігіне кіріп отыр, бұл ондаған елдерде сұранысқа ие мал шаруашылығының негізгі өнімі.

«Бүгінде Қазақстан ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандырады. Сондай-ақ экспортты ұлғайтады. Біз тек өнімді экспорттап қана қоймаймыз — біз елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтып, бүкіл өңір үшін азық-түлік тұрақтылығын жеткізушіге айналамыз. Сауда және интеграция министрлігінде қазақстандық май өңдеу кәсіпорындарын ілгерілетудің тиімді құралдары бар. Бұл сауда-экономикалық миссиялар, экспортты жеделдету бағдарламасы, сондай-ақ экспортты ілгерілету шығындарын өтеу тетіктері. Біз қазірдің өзінде негізгі нәтижелерді көріп отырмыз. Соңғы 5 жылда отандық өсімдік майын әлемдік нарыққа жеткізу тұрақты өсіп келеді», - дейді «QazTrade» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

СИМ ақпаратынша, өткен маусымда май және күнжара сатудан түскен экспорттық кіріс 562 миллион АҚШ долларына жетті. Алдағы жылдары Қазақстан бұл көрсеткішті жыл сайын 1 миллиард долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ол үшін өсімдік шаруашылығындағы басымдықтарды біртіндеп өзгертіп, бидайдан табысы жоғары майлы дақылдарға, ең алдымен күнбағысқа көшу көзделіп отыр.

Қазір Қазақстан күнбағыс майын Орталық Азия елдері мен Қытайға экспорттайды. Жақын уақытта экспорт географиясын Таяу Шығыс елдеріне дейін ұлғайту жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталған 2025-2027 жылдарға арналған экспорттық жол картасы әзірленеді.

Серіктес жаңалықтары