$ 537.53  620.52  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның кәсіпкерлері Қытайдағы стрим-сауда арқылы 450 мың юаньның тауарын сатқан

Жалпы, Қытайдың JD.com платформасында Қазақстанның 15 кәсіпкері 44 түрлі өнім сатып отыр

Қазақстанның кәсіпкерлері Қытайдағы стрим-сауда арқылы 450 мың юаньның тауарын сатқан
Фото: gov.kz

Азиядағы ең ірі B2C алаңдарының бірі саналатын Қытайдың JD.com платформасында Қазақстанның Ұлттық павильоны дамып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазір ұлттық павильонда азық-түлік, косметика, бал және басқа да сұранысқа ие тауар санаттарын қоса алғанда, Қазақстанда тауар өндіретін 15 компания 44 түрлі тауар ұсынған.

«Павильон іске қосылған сәттен бастап сатылған өнімнің жалпы көлемі 2,4 млн юань болды, оның 1,18 млн юаньнан астамы — 2024 жылға тиесілі», - деп хабарлайды министрлік.

Бұдан өзге, дереккөзге сүйенсек, Қазақстанның тауар өндірушілері Қытай нарығында тез танымал болып келе жатқан электрондық сауданың жаңа форматы — стриминг-сатуды үйреніп, игеріп, дамытып жүр.

«Мәселен, өткен жылдың қараша айында Қытайдың халықаралық импорттық көрмесі (CIIE 2024) аясында, Jiangsu Soho Holding Group Co Ltd, серіктестерінің қолдауымен Douyin (TikTok аналогы) платформасы арқылы стриминг өтті. Онда Қазақстанның ұлттық стриминг-павильоны ашылды. Трансляция қорытындысы бойынша 450 мың юань болатын тауарлар сатылған», - деп хабарлайды министрлік.

QazTrade компаниясының деректеріне сүйенсек, 2024 жылы әлемде онлайн-сауда жасайтын адамдардың саны 2,71 млрд адамға, ал электрондық сауда нарығының жаһандық көлемі 6,3 трлн долларына жеткен.

«Біздің міндетіміз Қазақстанның тауарларын жүйелі түрде жетекші цифрлық сауда алаңдарында шығарып отыру. Біз экспортты JD.com, Alibaba.com, Europages, Noon және TikTok дүкені платформалары арқылы белсенді түрде дамытамыз», - дейді QazTrade АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров.

Жалпы, былтыр Қазақстандағы электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жеткен.

Серіктес жаңалықтары