Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады
Құрылыс биыл басталады деген жоспар бар

Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚазМұнайГаз ірі жобаны іске асыруға кірісіп кеткен. Полиэтилен өндіретін зауыттың толық масштабты құрылыс жұмыстары осы жылы басталды.
«Осы жобамен бірге екі инфрақұрылымдық жоба – газ сепарациялау кешені мен магистральдық құбырларды салу іске асырылады. Үш жобаның жалпы құны шамамен 11 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл ҚМГ мен серіктестердің тікелей инвестициясы. Бүгінгі күні барлық инвестициялық шешім қабылданды. Үкімет қолдағанның арқасында құрылыс нормаларының кейбір артық талаптары алынып тасталды, нәтижесінде ҚМГ және «Полиэтилен» жобасының инвесторлары қажетті инвестициялық шешімдерді дер кезінде қабылдады», - деді Хасенов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, газ сепарациялау кешені жобасын қаржыландыру үшін Қазақстан даму банкімен қолайлы шарттар қарастырылып жатыр.