$ 501.49  525.71  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы такси жүргізушілері халыққа 78,3 млрд теңгенің чегін жазып берген

Олар шамамен 63 млн рет чек жазған

Қазақстандағы такси жүргізушілері халыққа 78,3 млрд теңгенің чегін жазып берген
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда 51 мың такси жүргізушісі өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, өздері тасымалдаған адамдарға 63 млн рет чек жазып берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында министр Светлана Жақыпова мәлім еткен.

Министр Қазақстанда тиімді еңбек нарығын қалыптастыруға қажетті 5 бағытты атаған. Соның ішінде, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдардың ресми түрде жұмыс істеп, табыс табуы үшін қандай рәсімдер керек екенін айтқан.

«Қазір 51 мыңнан астам такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, 78,3 млрд теңге сомасына 63 млн фискалдық чек жазылды. Бұл платформа арқылы жұмыс істейтіндерді әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне заңдастыру мен интеграциялаудың маңызды қадамы», – деді Светлана Жақыпова.

Серіктес жаңалықтары