19.02.2025, 12:18
Экономика
Үкімет қосымша құн салығы 16% болса, жәрдемақы мен зейнетақыны 3% өсірмек
Бұл үшін бюджеттен 800 млрд теңге бөлінбек
Егер үкіметтің ұсынысы бойынша Қазақстанда қосымша құн салығы 16% деңгейінде бекісе, онда үкімет бюджет қызметкерлерінің, зейнеткерлер мен әртүрлі жәрдемақы алатын адамдардың жәрдемақысын 3% көбейтрпек. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, үкімет онсыз да инфляцияны ескеріп, әлеуметтік-экономикалық төлемдерді онсыз да 8% өсіріп келеді. Енді оған осы 3 пайыздық өсімді қосса, 11 пайыз болады дейді вице-министр.
«Біз жалақы, зейнетақы, жәрдемақыны қайта есептейміз. Ол үшін бюджеттен 800 млрд теңге қарастырылған», - дейді Әмрин.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды