Қазақстандағы ең қатты қымбатшылық Астанада тіркелген – Ұлттық банк
Жалпы, қаңтар айында инфляция 14 өңірде жеделдеген

2025 жылдың қаңтарында елдегі жылдық инфляция жеделдеп, 8,9% болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның 14 өңірінде жылдық инфляция өсіп, 6 өңірде өзгеріссіз қалған.
«Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді. Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы 5,8% дейін өсті. Осы топтағы тауарлардың бағасы Жетісу облысында (7,9%) макисмалды, Түркістан облысында (3,3%) минималды өсім көрсетті», - деп жазады Ұлттық банк.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 8,4% дейін қымбаттаған. Максимал мән Түркістан облысында (13,1%), минимал мән Павлодар облысында (5,7%) тіркелген.
«Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны 13,8% дейін жеделдеді. Ал, Астана қаласында (17,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,3%) айтарлықтай төмен өсті», - деп хабарлайды Ұлттық банк.