$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет қосымша құн салығы жөніндегі жаңа ұсынысын Парламентке бүгін-ертең енгізеді

Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті

Үкімет қосымша құн салығы жөніндегі жаңа ұсынысын Парламентке бүгін-ертең енгізеді
Фото: gov.kz

Үкімет қосымша құн салығын көбейту жөніндегі ұсынысын Парламентке бүгін-ертең енгізеді. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналистер вице-министрге «үкімет әуел баста айтқан мерзімін орындап үлгере ме?» деген сұрақ қойды. Яғни, бұған дейін вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет ұсынысын Парламентке 15-20 ақпан аралығында енгізеді деген болатын. Оның орынбасары Азамат Әмриннің сөзіне сенсек, үкімет 20 ақпаннан кешікпейтін сияқты.

«Президенттің тапсырмасы бойынша аймақтарды араладық. 6 жұмыс тобы құрылды. Олардың бәрі аймақ-аймақта кәсіпкерлермен кездесті. Ұсыныстарды жинады, қазір ұсыныстарды саралап жатырмыз. Бүгін-ертең парламентке енгіземіз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, вице-министр бүгін сондай-ақ жәрдемақы мен зейнетақыны 3% өсіру туралы да сөз қозғаған болатын.  

Серіктес жаңалықтары