20.02.2025, 09:36
Экономика
Қытай Жамбыл облысында жүгеріден натрий алатын зауыт салмақ
Оған инвестор 350 млн доллар инвестиция салады деген жоспар бар
Фото: үкімет
Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялар тарту жөніндегі президенттің тапсырмасы қалай орындалып жатқаны қаралған кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кеңес барысында белгілі болғандай, Қытайдың ірі агроөнеркәсіптік компаниясы жақын арада Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу арқылы натрий глутаматын өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Жоба құны 350 млн доллар болады деген болжам бар.
«Тағы бір шетелдік инвестор биыл Ақмола облысында бидайды терең өңдеу кешенінінің құрылысын бастайды. Жоба құны - 650 млн доллар», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды