Қазақстанда тендер өтетін уақыт 10 күнге дейін қысқармақ
Бұл туралы үкімет хабарлады
![Қазақстанда тендер өтетін уақыт 10 күнге дейін қысқармақ](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/10/67a987451053b440839116.jpeg)
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа ережелерге сай, енді Қазақстанда тендер 10 күн ішінде өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет еске салып өткендей, президент 2024 жылғы 1 шілдеде рәсімдерді оңайлатуға және бюрократиядан арылтуға бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға қол қойған еді. Сондықтан, мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерін барынша қысқартуды қамтитын жаңа ережелер қабылданды.
«Мәселен, конкурс тәсілімен өтетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды. Осылайша, конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады», - деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.