Талдықорған тұрғындары мен бизнесінің құқығын бұзған «Жетісу Су Арнасы» жазаланды
Ол 15,5 млн теңге көлемінде айыппұл төледі
![Талдықорған тұрғындары мен бизнесінің құқығын бұзған «Жетісу Су Арнасы» жазаланды](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/11/67aacfb6b364a859297120.jpeg)
«Жетісу Су Арнасы» мекемесі «Бизнеске жол» жобасының ережелерін бұза отырып, қала тұрғындары мен 2,4 мың кәсіпкердің құқығын бұзғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Антикордың мәліметіне сүйенсек, мекеме тарифті төмендету үшін еш іс-әрекет жасамаған.
«Бизнеске жол» жобасы аясында су тарифі арзандады. Осы шаралардың арқасында бизнес субъектілері шамамен 23 млн теңгені үнемдей алды. Бұдан басқа, Антикор Жетісудың ұсынысы бойынша техникалық шарттарды көзделмеген қызметтермен міндетті түрде келісуге байланысты әкімшілік кедергілер жойылды. «Жетісу Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға 15,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлайды Антикор.