28.01.2025, 11:36
Экономика
Үкімет қосымша құн салығы өссе жәрдемақы, зейнетақы мен жалақыны көбейтеміз деп уәде берді
Бұл уәдені бүгін премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті
Фото: primeminister.kz
Егер Қазақстанда қосымша құн салығы өссе, азаматтардың жалақысы, жәрдемақысы, зейнетақысы мен атаулы әлеуметтік көмегі өседі. Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Егер қажет болған жағдайда, біз атаулы әлеуметтік көмек, жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтеміз», - деді Жұманғарин.
Айта кетейік, бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов үкімет атынан сөйлеп, Қазақстанда қосымша құн салығын қымбаттату керек деген ұсыныс айтқан болатын.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды