Ұлттық банк базалық ставканы неге төмендетпейтінін түсіндірді
Базалық мөлшерлеме қазір 9,5% деңгейінде

ҚҚ Ұлттық банкі экономиканы несиелендіру үшін базалық мөлшерлемені төмендету туралы дептаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Ұлттық банктің мәліметінше, экономиканы оңалтуда базалық мөлшерлемені төмендету негізгі құрал емес.
«Сапалы және тұрақты экономикалық өсім болу үшін экономиканы түбегейлі құрылымдық реформалап, әртараптандыру керек. Сол кезде монетарлық саясат та құрылымдық мәселелерді шешудің құралдарына құралдарына ие болады. Ақша-несие саясаты макроэкономикалық шок туындаған кездегі экономикадағы ұзақмерзімді ауытқуларды болдырмау үшін қажет», - делінген жауапта.
Теңгенің базалық мөлшерлемесі ақша-несие саясатының негізгі құралы ретінде инфляция бойынша қойылған мақсаттарға қарай бекітіледі. Сонымен қатар инфляция деңгейі мен инфляциялық күту деңгейі, ішкі қаржы нарығындағы жағдайлар мен негізгі шикізаттық және халықаралық қаржылық нарық та ескеріледі.
«Қазақстан экономикасының динамикасына ерекше мән беріледі. Сол себепті экономикалық белсенділіктің төмендеу қаупін ескере отырып Ұлттық банк 2020 жылдың 6 сәуірінде базалық мөлшерлемені 9,5% деңгейіне төмендету туралы шешім қабылдады. Теңгедегі депозитттің долларға ауысып кетпеуі үшін +/-2% дәліз бекітілді. Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп короновирустың кесірінен туындаған қиындықтарды еңсеру үшін, яғни экономиканы несиелендіруді арттырып, әскерлік белсенділік көтеру үшін базалық мөлшерлемені төмендетті», – деп жазылған хатта.
Еске салсақ, базалық мөлшерлемені 9,5% деңгейінде сақтау туралы шешім 27 сәуір күні қабылданған.
«Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі жылдық инфляцияны алып тастағанда нақты 3-3,5% деңгейінде ғана. Ал инфляцияның биыл 9-11% болуы ықтимал екенін ескерсек, нақты базалық мөлшерлеме тіпті минусқа түсіп кетеді. Сондықтан базалық мөлшерлемені әлі де көтеру экономика үшін зиян. Атап айтқанда, теңгедегі депозитті долларға ауыстыру, девальвациялық күтулердің өршу, банк секторының әлсіреу, халықтың ақша-несие саясатына сенімінің төмендеу қаупі бар. Сонымен қатар базалық мөлшерлемені төмендету Ұлттық банктің ресурсын да төмендетпек», - деген пікірде Ұлттық банк.