$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2020, 23:43
Экономика

Индустрияландыру картасы аясында биыл 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Жобаларды іске қосу 2020 жылдың ІІ жартыжылдығында атқарылады деп жоспарланған

 

Индустрияландыру картасы аясында биыл 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл Индустрияландыру картасы аясында тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-газ химиясы, мұнай өңдеу, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі салаларында 1,1 трлн. теңге сомаға 160 жобаны іске асырып, 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрігі.

«Жобалардың басым бөлігі Алматы (33 жоба) және Ақтөбе (20 жоба) облыстарында іске асырылады. Қаржыландыру көлемі бойынша Қарағанды (256,4 млрд.теңге) және Алматы (230,2 млрд. теңге) облыстары көш бастап тұр», - делінген хабарламада.

Отандық кәсіпкерлер бастамашы болған барлық жобалар банктердің меншікті және кредиттік ресурстары есебінен жүзеге асырылады.

Коронавирустың таралуын шектеу шараларын қолдану экономикалық белсенділіктің, оның ішінде іскерлік және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың қысқаруына әкеліп соғып, бизнестің ұтқырлығын шектеді. Бұл шикізат пен жинақтауыштарды жеткізудегі кідірістермен бірге өндірістік белсенділікті де төмендетеді. 

Осыған қарамастан ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі шешімімен қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған жағдайда кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен жаңарту, қызметкерлердің жұмыс орындарында қашықтығын сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.

 «Салынып жатқан объектілерді тапсыру мерзімдерін сақтау мақсатында өңірлерге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кестесін қайта қарау және карантиндік шаралар алынып тасталғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар объектілер құрылысының қарқынын күшейту қажеттігі туралы тиісті ұсынымдар жолданды», - деп хабарлайды министрлік.

Сонымен қатар, өңірлерде сапалы жұмыс жүргізу қажеттілігін ескере отырып, ағымдағы жылдың мамыр айының соңында 2020 жылғы жобаларды іске асыру барысы туралы барлық өңірлердің есептік тыңдауларын өткізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары