19.05.2020, 14:55
Экономика
Өткен жылы Қазақстанда 119 млн тонна кен өндірілді – ИИДМ
477 мың тонна тазартылған мыс өндірілді
Былтыр Қазақстанда 119 млн тонна кен өндірілген. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Мыс саласында өндірілген кен көлемі 2019 жылы 119 млн тонна жетті. Ең көп өндірген «KAZ Minerals» кәсіпорны - 94,7 млн тонна, Қазақмыс корпорациясы - 29,4 млн тонна және Ақтөбе мыс компаниясы - 5,2 млн тонна. Сондай-ақ барлық өндірілген кеннен 477 мың тонна тазартылған мыс өндірілді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қазір Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауытында 1 531 мың тонна концентрат өңделді. Айта кетерлігі, 2019 жылы 1080 мың тонна мыс концентраты экспортталған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты