Жыл соңында инфляция 5,7 - 5,8% деңгейінде болмақ
Ұлттық банк егер валюталық курста ауытқулар болса, интервенция жасауға дайын. Бұл туралы бүгін Мәжілістің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Валюта нарығындағы дисбалансқа алып келетін ауытқылуар интервенциямен реттеліп отырады. Бұған қатысты өткізілетін барлық операциялар туралы ашық хабарлап отыруға дайынбыз», - деді Смоляков.
Ұлттық банктің бағалауынша, жыл соңында инфляция 5,7 - 5,8% деңгейінде болмақ. Банк төрағасының орынбасары теңге бағамына да шектеу қойылмайтынын айтты.
«2020 жылы ішкі дәліз 4-6% деңгейінде сақталып, инфляцияның төмендеуі болжанып отыр. Ұлттық банк инфляция дәлізі және басқа да тенге бағамына қатысты шектеу қоймайды. Ауыспалы курс ішкі және сыртқы факторларға байланысты болады. Яғни, ол елге сырттан келетін шетелдік валюта мен ішкі сұранысқа тәуелді», - деді.
21 қазандағы жағдайға сәйкес, бір доллар - 389,77 теңге тұрады. Ал мұнай бағасы барреліне 59,2 теңгені құрап отыр.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан