ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

Мұнайдың арзандауына байланысты Атырау облысы бюджетіне 59 млрд теңге түспеуі мүмкін

Облыста​ 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты игерілмеген​

Атырау облысында ​ 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты игерілмеген. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің ​ бюджет қаржысының игерілуі, салықтық түсімдер мәселесіне қатысты ​ өткізген ​ селекторлық жиынында белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Жиын барысында Атырау облысы Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Демегенов қаржының игерілмеу себебін атады.​

«Бюджеттік бағдарлама әкімшілері қаржыландыру жоспарларын нақты жоспарламайды, алдын ала талдау жасалмайды, сонымен қатар, мердігерлер де жұмыс кестесін сақтамайды. Атап айтқанда, қаржыны игермеу мәселесі құрылыс, ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, жұмылдыру дайындығы салаларында тіркеліп отыр»,- деді Серік Демегенов.

​Мәселен, Атырау қаласы бойынша, Алмалы ауылының жаңа шағын аудандарына электр желілерін тартуға 305 млн. теңге, Атырау қаласының сол жағалауындағы КОС құрылысы бойынша 1​ 293,3 млн. теңге, ​ Ауыл шаруашылығына басқармасында субсидиялауға байланысты 7,4 млн. теңге игерілмей отыр.​

Осы ретте облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қаржыны игере алмай отырғандарды сын садағына іліп, жауаптыларды кезек-кезек сұрақ астына алды. Сосын қала, аудан әкімдеріне, тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді.​

«Қалай десек те, қаржы өз ұсыныстарыңыз бен сұранымдарыңыздың негізінде бөлініп отыр. Қаржыны уақытында әрі тиімді пайдаланып, игеруді тапсырамын», — деді аймақ басшысы.​

Еске сала кетелік, жыл басынан бері облыстық бюджетке кіріс көлемі 167​ млрд 617,4 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде ​ республикалық бюджет трансферттері 25 млрд 262,7 млн теңге болса, кредиттер ​ 4 млрд 597,6 млн теңгеге жеткен.

Жиында Атырау облыстық кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Сағынаев салық төлемдерінің негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. Ағымдағы жылдың төрт айында мемлекеттік бюджетке түсімдер 448 млрд. теңгені құрады. Осылайша, өсім көлемі ​ 103, 6 пайызды құрап отыр.​

Жергілікті бюджетке түсімнің өсім көлемі 33, 4 млрд. теңгеге жеткен. Салық түсімдерінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда да өсім бар. Қазіргі таңда жергілікті бюджетке түскен түсім көлемі 134,8 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай режиміне байланысты енгізіліп отырған салықтық жеңілдіктер нәтижесінде жергілікті бюджетке түсім көлемі азаюы мүмкін.

«Сондай-ақ Атырау облысының бюджетінің негізгі бөлігі мұнай газ секторы болғандықтан, шикізат бағасының түсуі бюджет түсімдерін өзгертеді. Соның салдарынан бюджетке 59 млрд теңге түспеуі мүмкін. Десе де, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, жергілікті бюджетті ​ 1 млрд. теңгеге дейін ұлғайту мүмкін болып отыр»,-  Ерлан Сағынаев.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов барлық деңгейдегі әкімдерге бюджетті жоспарлаған кезде халықтың барлық қажеттіліктерін мейілінше ескеруді тапсырды. Бюджеттің толық болуы салықтардың және өзге де төлемдердің уақытылы түсіміне байланысты. Сондықтан, бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауды жүктеді.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады