$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Орталық Азияда баламасы жоқ отандық зауыттың өнімін шетелдік кәсіпорындар сатып алып отыр

Қазір зауыттың 5 серіктес елі бар

Орталық Азияда баламасы жоқ отандық зауыттың өнімін шетелдік кәсіпорындар сатып алып отыр
Фото: Azattyq Ruhy

Шымкенттегі ірі трансформаторларды өндіретін зауыт төрағасының орынбасары Дәуірбек Атеев Орталық Азиядағы баламасы жоқ зауыттың өнімдерін шетелдік компаниялар сатып алып отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Зауыт 110, 220 және 500 кВ-тық ірі трансформаторларды өндіреді. Ондай зауыттың Орталық Азияда баламасы жоқ, яғни өңірдегі ең ірі зауыт болып есептеледі. Зауыт 2019 жылы  Шымкент қаласында ашылған. Онда 265 адам жұмыс істейді»,- дейді ол. 

Атеев атағандай, зауыттан шетелдік серіктестер трансформатор сатып алып отыр. 

«Ресей, Украина, Оңтүстік Корея, Өзбекстан мен Әзербайжан, Армениядан тапсырыс түседі. 2023 жылы біз Қазақстандағы 500 кВ ең ірі трансформатор жасап шығардық. Зауытта 25 импорттық трансформаторды жөндеп шығардық»,- дейді Атеев. 

Сондай-ақ ол металургиялык зауттарға арналган электр пештерінін түрлендіргіштермен таныстырды. Бұл түрлендіргіштер төтенше жағдайларда, соның ішінде электр жүктемесінің артуы мен қысқа тұйықталу кезінде жумыс істеуге арналған. Оларды енгізу металургиялык зауыттардың жұмыс тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ металургиялық пештерге кажетті энергияны бақылау мен түрлендіруді жақсартуға көмектеседі.

«Электр пештерінің инновациялық түрлендіргіштерін кұру қаржылық және материалдық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, технологиялық дамуды жеделдетеді. Олар қоршаған ортаны қоргауға және жабдықтардың сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде Қазақстанның металлургия саласының қауіпсіз жене тұракты жұмысына, онын әлемдік нарықтағы орны мен бәсекеге қабілеттілігін ныгайтуға кепілдік береді»,- деп отті Дәуірбек Атеев. 

Барлық жобалар Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары