$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық банк базалық ставканы өзгеріссіз қалдырды

Жылдық инфляция осы шілде айында 8,6 пайызға дейін өсті

Ұлттық банк базалық ставканы өзгеріссіз қалдырды
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің ақпаратынша, шілде айында инфляция аздап өссе де, Ұлттық банктің болжамы аясында қалыптасты. Өткен айда инфляция 8,6%-ға дейін барған.

«Ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5 пайыздық мақсатқа жету ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт бойы ұстап тұруды талап етеді. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық жаққа ауып, 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтаудың жоғары ықтималдығына себепші болып отыр», - деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметі.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 11 қазанда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Серіктес жаңалықтары