Жаңа жылдан бастап Қазақстанда рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады

Azattyq Rýhy

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең ірі екі такси қызметі рулі оң жақтағы көліктерді платформаларына тіркемейді. Бұл туралы бүгін үкіметтегі брифингте көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», - деп хабарлады ол.

Қарабаевтың айтуынша, енді осы екі компания жаңа жылға дейін платформадағы рулі оң жақтағы көліктерді анықтап, платформадан алып тастайды. Яғни, олар енді такси қызметін тоқтатады.

Айта кетейік, бүгін Қарабаев елімізде жаңа такси компаниясы пайда болуы мүмкін екенін айтқан еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.