20.08.2024, 12:11
Экономика
Қазақстанда тағы да бір такси түрі пайда болуы мүмкін
Көлік министрінің хабарлауынша, ол – Эстонияның жобасы
Фото: istockphoto.com
Еуропада сұранысқа ие такси қызметі Қазақстан нарығына кіруге ниет танытқан. Бұл туралы бүгін үкімет кулуарында көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бізге «Bolt» компаниясынан ұсыныс түсті. Бұл Эстонияның жобасы. Еуропада сұранысқа ие компания, яғни, Еуропаның яндекс сияқты такси қызметі. Олар біздің нарыққа қызыққаны рас. Егер нарыққа келіп, қызметін бастаймыз десе, біз оны қолдаймыз», - деді Қарабаев.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстан нарығында сұранысқа ие компания -inDrive басшысымен кездескен көлік министрі енді бұл таксистер шетелдік көлікпен жүре алмайтынын, әр сапар сайын дәрігерден тексерілетінін айтқан болатын.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды