$ 530.24  543.97  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан кәсіпкерлері Конгоның тау-кен саласын зерттеуге дайын – Тоқаев

Президент Конго кәсіпкерлерін келесі жылы өтетін Астана экономикалық форумына шақырды

Қазақстан кәсіпкерлері Конгоның тау-кен саласын зерттеуге дайын – Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстанның кәсіпкерлері Конгоның тау-кен саласын зерттеуге дайын. Бұл туралы бүгін Ақордада журналистерге арнап брифинг өткізген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БАҚ өкілдеріне арналған брифингте екі елдің экономикалық, әлеуметтік салалардағы ынтымақтастығы талқыланды. Бұған дейін хабарлағынымыздай, Тоқаев Конго жастарын Қазақстанда білім алуға шақырған.

«Қазақстанның Конгоға дәнді дақылдарды экспорттауға қатысты әлеуеті мол екеніне назар аудардық. Өздеріңізге мәлім, екі елдің де табиғи ресурстары мол. Темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлау және игеру үшін бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Қазақстан кәсіпкерлері Конгоның тау-кен саласын зерттеуге дайын екенін келіссөз барысында атап өттім», – деді Қазақстан Президенті.

Ақорда хабарлағандай, Конго президенті Қазақстанның мұнай саласына көз тіккен крөрінеді.

«Конго экономикасы мұнай өнеркәсібіне негізделген. Қазақстанның осы салада тәжірибесі мол. Бұдан бөлек пайдалы қазбалардың өзге де түрлерін игеруде ықпалдастық орната аламыз. Бұл орайда Конгоның энергетика секторы қазақстандық операторларға зор мүмкіндік ұсынады», – деді Конго президенті Дени Сассу-Нгессо.

Серіктес жаңалықтары