Тоқаев Ақордада «Астана» қаржы орталығының басшысы Бектұровты қабылдады

Azattyq Rýhy

Президент оған нақты тапсырмалар берген

Тоқаев Ақордада «Астана» қаржы орталығының басшысы Бектұровты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ренат Бектұров президентке Қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция тартылғанын хабарлаған. Осылайша, орталық 2025 жылға дейінгі мақсатты асыра орындап қойған.

«АХҚО құрылған сәттен бастап оның қатысушылары бюджетке 115 миллиард теңге салық төледі. Оның 29,8 миллиард теңгесі осы жылдың бірінші жартыжылдығында түскен. 2024 жылдың алғашқы алты айында Орталыққа 500-ден астам компания қосылды. Бұл қатысушылардың жалпы санын 3 мыңға дейін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай ықпал етті», - деп хабарлаған Бектұров.

Президент Қаржы орталығын одан әрі дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеген. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.