Ұлттық банктің 26 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,72 теңге
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472-477 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 473,5-475 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 26 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,58 теңге.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,38 - 5,55 аралығында саудаланып жатыр.