25.07.2024, 16:45
Экономика
Түстен кейін доллар бағамы өсті
Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474,09 теңге
Фото: freepik.com
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,23 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 474,06 теңге, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474,09 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,48 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 474 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 475,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472 теңге, сатып алу құны — 477 теңге. Ресей рублі 5,38 — 5,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
