Қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғаста» багаж тасымалы қымбаттайды
Тариф ертеңнен бастап өседі
«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында қызмет сапасын жақсарту мақсатында 27 шілдеден бастап 1 келі багажды тасымалдау тарифі 100 теңгеге дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қорғас» ШЫХО баспасөз қызметінің ақпаратынша, багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін компаниялар бірнеше рет өтініш берген.
«Соның негізінде багажды қабылдау/беру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту және туристердің/келушілерге ұсынылатын сервисті жақсарту мақсатында багаждың 1 килограмы үшін багажды тасымалдау тарифін 100 теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.
Тариф 2024 жылғы 27 шілдеден бастап багажды тасымалдаушылармен қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
Айта кетері, қазір багаж тасымалдау тарифі – 80 теңге.