26.07.2024, 15:28
Экономика
LEGO-плагиат: Алматының базарында әлемдік брендтің көшірмесін сатқан адам анықталды
Ол құны 4 млн теңге болатын 3145 өнім жасаған
Фото: Әділет министрлігі
Алматы қаласының әділет органдары әлемге әйгілі «LEGO» брендтің атын жамылып жұмыс істеген компания анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталғандай, компанияның өкілі Алматының базарында «LEGO» ойыншықтарының көшірмесін жасап, сатып жүрген адамдарды тексеру туралы арыз түсірген.
«Тексеру барысында «LEGO» тауар белгісі заңсыз пайдаланған ойыншықтар анықталған. Сауда нүктесінен жалпы құны 4 миллион теңгеден асатын 3145 контрафакт тәркіленген», - деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, қолдан ойыншық жасаған саудагер брендтің имиджіне нұқсан келтіріп қана қоймай, балалардың денсаулығына зор қауіп төндіреді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді