$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Газ бағасын кезең-кезеңмен көтереміз – министр

1 шілдеден бастап тауарлық газ 14,6 пайызға қымбаттаған

Газ бағасын кезең-кезеңмен көтереміз – министр
Фото: freepik.com

Халықтың қалтасына салмақ салмау үшін энергетика министрлігі тауарлық газдың бағасын біртіндеп көтереді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, тауарлық газдың бекітілген көтерме сауда бағасы бір мың метр куб үшін 23 646 теңге, ал тауарлық газдың орташа өзіндік құны 33 169 теңгені құрайды.

«Газ саласына инвестиция тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қол жеткізу мақсатында халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу есебімен газ бағасын кезең-кезеңімен көтеру талап етіледі. Мәселен, осы жылғы 1 шілдеден бастап еліміздің ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қайта қаралып, орта есеппен 14,6 пайызға ұлғайды», деді Сәтқалиев үкімет отырысында.

Жалпы, министрлік үш жыл ішінде ішкі нарықта газды сатудың шығынсыз болуына қол жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл елдің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін жабуға және еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары