$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

7 жылдан асқан автокөліктерді Қазақстанға кіргізуге тыйым салынуы мүмкін

Жұмыс тобы осындай ұсыныс тастаған

7 жылдан асқан автокөліктерді Қазақстанға кіргізуге тыйым салынуы мүмкін
Фото: © istockphoto.com

Қазақстан жеті жылдан асқан автокөліктерді елге импорттауға тыйым салуы мүмкін. Бұл туралы утиль алымы жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге 7 жылдан асқан автөліктерді одақ аумағына әкелуге тыйым салу туралы ұсыныс жасамақ.

«Жұмыс тобының қатысушылары 7 жылдан асқан көліктерді елге әкелуді шектеуді ұсынды. Біз бұған қарсы емеспіз. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына материалдарды енгізуге тырысамыз. Егер бес ел де бірауыздан бізді қолдаса, одақ аумағына мұндай автокөліктер кіргізілмейді. Бұл мәселені пысықтау міндетін біз өз мойнымызға аламыз», - деді Бектібаев утиль алымы жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауында.

Естеріңізге сала кетейік, утиль алымын алып тастау туралы петицияға 50 мың адам қол қойғаннан кейін, петиция үкімет деңгейінде қарау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы құрылды. Бүгін Алматыда петицияның қоғамдық тыңдауы өтті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ЕАЭО #утильалым