Елімізде еуро өтімді валютаға айналып келеді
Шетел валютасы жыл басынан бері 250 млрд теңгеге саудаланған
Қазақстандықтар арасында еуроға деген қызығушылық артып келеді. Осы жылы ол 1,5 есеге өсіпті. Шетел валютасы жыл басынан бері 250 млрд теңгеге саудаланған. Ал оның курсы орташа есеппен 5% өскен. Бұл туралы ranking.kz жазады.
Еуроға деген сұраныс ,әсіресе, Алматы облысында жоғары (2,5 есеге артып, 1,6 млрд теңге). Сондай-ақ, Павлодар облысы (2,4 есе - 7,9 млрд теңге) мен СҚО-да (2,3 есе - 2,8 млрд теңге). Ал, Шығыс Қазақстан облысында еуроны нетто-сату көлемі екі есеге артқан (6,3 млрд теңге).
Еуроны айырбастау құны қыркүйек айында 426,33 теңге, айдың соңында 1 еуро — 423,49 теңгеге арзандаған.
Еуроның ресми айырбас бағамы қыркүйекте орташа есеппен 426,33 теңгені, ал қыркүйек айының соңында 1Еуро үшін 423,49 теңгені құрады.