«Барлығы доллар алдында қауқарсыз»: Лукашенко долларға тәуелді болмаудың жолдарын ұсынды
Ол ұлттық валютада екіжақты төлемдер жасау жайлы айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко ШЫҰ саммитінде долларға төтеп беріп, оған тәуелді болмаудың жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ШЫҰ аясында күн тәртібін өзара байланысты нығайтудан бастау керек. Алдымен қаржылық саладан бастауды ұсынамын. Беларусь басым бағыт ретінде ұлттық валютада екіжақты төлем жасау мен ШЫҰ-ның ұжымдық қаржылық институтын құруды қарастырады. Біз барлығына өзімізді ұлы деп айтамыз. Шынымен де ұлылық бар, біз 40 пайыз тұрғын мен жалпы ішкі өнімнің жақсы көрсеткішіне иеміз», - деді ол.
Беларусь басшысы осы ретте АҚШ валютасы долларға қарсы тұру әрекетін жасауды ұсынды.
«Доллар бойынша сатып алу мәселесі бар. Тек біздің ұйымда Қытай мен Ресей сынды екі ірі держава бар. Барлығы доллар алдында қауқарсыз, ендеше долларға тәуелді болмау үшін қадам жасайық. Доллар қалқанымен манипуляция жасағандардан сескенбейтіндей әрекет жасайық. Себебі бұдан былай олай жалғасу мүмкін емес. Біз оның барлығын көріп отырмыз. Алайда, ешқандай әрекет жасамай отырмыз», - дейді Лукашенко.