Әлемдік мұнай бағасы көтерілді
Қазақстан қор биржасында (KASE) 20 маусым күні сағат 15:30-да валюта нарығының құралдарының саудасы жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 459,60 теңгені құрады.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы – 63,0061 теңге. Рубль нығаюын жалғастырып, 5,5301 (+0,0801) болды. Еуро бағамы – 493,21 теңге.
Ал 20 маусымда әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
13:30-да ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 0,31%-ға өсіп, 85,33 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,05%-ға өсіп, барреліне 80,75 долларды құрады.