Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банктің 14 маусым ресми бағамы – 1 долларға 451,38 теңге

Фото: istockphoto.com

 

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449-454 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің 14 маусым ресми бағамы – 1 долларға 451,38 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,14 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449 - 454 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 451,1 - 452,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,09 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,26 теңгеге төмендеп, 451,28 теңге болған.