$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық компаниялар мемлекеттік бюджет пен зейнетақы қорына масыл болуды доғаруы керек - депутат

Ерлан Саиров квазимемлекеттік сектор саласының нашар жұмысын сынға алды 

Ұлттық компаниялар мемлекеттік бюджет пен зейнетақы қорына масыл болуды доғаруы керек - депутат
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саировтың айтуынша, квазимемлекеттік секторға құйылатын бюджеттің қызығын тек шенеуніктер мен топ-менеджерлер көріп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Үкіметтің 2023 жылғы қорытынды есебінде вице-премьер Серік Жұманғарин «Бәйтерек» қорының қызметіне қатысты ескертулердің расталмағанын айтты. Ендеше квазимемлекеттік сектор саласындағы олқылықтарды нақты мысалдармен түсіндірейін.

Біріншіден, республикалық бюджеттен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2023 жылы 1,2 триллион теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Оның ішінде 403 млрд теңгеден астам бюджеттік қаржыландыру көлемі «Бәйтерек» қорына тиесілі болды. Бұл үштен бірі, яғни квазимемлекеттік секторға бүкіл бюджеттік ақшаның құйылуының 34 пайызы.

Екіншіден, мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттің қатысуын арттырған кезде де бірқатар кәсіпорындар тиімсіз болып, жабылды. Көп жағдайда жүктеме аз болды, жобалық қуаттың 30% -нан аспады. Бұл квазимемлекеттік сектордың жауапты қорлары, оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ тарапынан сапасыз, жалған талдау жасалып, жалған жоспар жасалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл фактілер Үкіметтің тиісті бақылауының жоқтығын көрсетеді.

Үшіншіден, аталған сектордың халық ақшасын орынсыз пайдалануы бойынша жоғарыда көрсетілген ашық фактілерге қарамастан, «Бәйтерек» қоры 1,6 трлн теңгені ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен болашақ ұрпақтың зейнетақы жинақтарынан алды. Бұл мысалдар жоғары аудиторлық Палатаның мәліметтеріне негізделген», - деп атап шықты депутат.

Ерлан Сайыров Үкімет қысқа мерзімде қоғамдық бақылаудың рөлін күшейтіп, ұлттық компанияның ашықтық дәрежесін арттыруды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары