12.06.2024, 14:50
Экономика
Қазақстанда енді корей банкі ашылады
Жақын арада Астанадан Сеулге тікелей рейс ашылады
Фото: Ақорда
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Finance Kazakhstan кореялық микроқаржы ұйымын екінші деңгейлі банкке айналдыруды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа құжат инвестициялардың сақталуына мониторинг жүргізу тәртібін реттейді. Елімізде «BNK Finance Kazakhstan» кореялық микроқаржы ұйымы жұмыс істейді. Мен оны екінші деңгейлі банк ету туралы шешімді қолдаймын», - деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары Кореяға 30 күнге дейін визасыз бара алады, жақын арада Астанадан Сеулге тікелей рейс ашылады. Ұшу санының артуы елдер арасындағы байланысты нығайтады.

Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады