Сүлейменов Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендетуінің себебін түсіндірді

Автор: Azattyq Rýhy

Елдегі инфляция баяулап, сыртқы инфляция нейтарлды қалыпта екені айтылды 

Фото: ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында базалық мөлшерлеме неге төмендегенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Су тасқынының салдары, көлемі, экономикамызға әсері шектеулі. Сондықтан осы аралықта осындай мүмкіндік беріліп отыр», - деді ол.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,50% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады.