Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті
Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,50% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Банк хабарлағандай, елдегі инфляция баяулап, сыртқы инфляция нейтарлды қалыпта болған.
«Осы жылдың сәуір айында инфляция болжамдарға сәйкес төмендеді. Инфляцияның орнықты бөлігі баяулағаны байқалды. Бағаның жалпы динамикасына қарамастан, халықтың инфляциялық күтулері су тасқынына және тұрғын үй коммуналдық қызметтер реформасының жалғасуына байланысты өсті. Сыртқы инфляциялық жағдай, орталық банктердің тежеу саясаты әсеріне және әлемдік азық-түлік нарықтарындағы баға динамикасына сәйкес нейтралды қалыпта бағалануда. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, ТКҚ реформасы, орнықты ішкі сұраныс себептерінен сақталып отыр», - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.