23.05.2024, 12:52
Экономика
Қазақстанда 8,4 млн адамның тұтынушылық кредиті бар
Тұтынушылық қарыздардың жалпы сомасы 14 трлн теңгеден асады
Фото: istockphoto.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов қанша қазақстандық банктерге қарыз екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq ruhy.
Ол 2024 жылғы 1 сәуірдегі статистиканы келтірді.
«Тұтынушылық қарыздардың жалпы сомасы 14,2 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 90 күннен астам төленбеген берешектің үлесі 1,6 трлн теңгені құрайды. Бұл шамамен 12 пайыз. Тұтынушылық несиені 8,4 млн адам алған. Соның ішінде 1,5 млн адамның мерзімі өткен берешектері бар», - деді Қизатов сенат кулуарында.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты