$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев «Қазпошта» төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

Компания Алматыда «А» санатындағы қойма салуға ниетті

Тоқаев «Қазпошта» төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады
Фото: Ақорда

Бүгін, 14 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, қабылдау кезінде Әсел Жанасова «Қазпоштаның» былтыр атқарған жұмысының нәтижелері мен компанияның қазіргі қаржылық жағдайы жөнінде мәлімет берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын жақсарту және логистикалық әлеуетін арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Жалпы, Жанасова хабарлағандай, компания соңғы 5 жылда алғаш рет 2,4 миллиард теңге көлемінде пайда тауып, акционерге 1,5 миллиард теңге дивиденд төлеген. Салық аударымдары мен баж алымдарының жалпы көлемі 32,7 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар, былтыр «Қазпошта» арқылы жеткізілетін сәлемдемелердің саны 35 пайызға көбейіп, оларды ел аумағында жеткізу жылдамдағы екі есе артқан.

«Қазпошта» Алматыда ауданы шамамен 40 мың шаршы метр болатын «А» санатындағы жоғары технологиялық қойма салуға ниетті. Нысан Еуразия кеңістігінде негізгі транзит торабына айналуға тиіс әрі Қытайдан ЕуроОдақ, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия бағыттары бойынша Қазақстанның жүк өткізу әлеуетін арттыруға ықпал етеді», - деп хабарлайды Ақорда.

Серіктес жаңалықтары