$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2020, 11:05
Экономика

Қазақстанның авиациясы коронавирус салдарынан 300 млрд теңгеден айрылуы мүмкін

Әуе тасымалы тоқтағанға дейін Қазақстан 26 елмен әуе байланысында болған

Қазақстанның авиациясы коронавирус салдарынан 300 млрд теңгеден айрылуы мүмкін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

«Әуе тасымалы тоқтаған сәтке дейін Қазақстанның 26 мемлекетпен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасы болғанын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласы өкілдерінің болжамы бойынша, жалпы алғанда авиация саласындағы операциялық кірістердің төмендеуі жыл соңына дейін шамамен 300 млрд. теңгені құрауы мүмкін», - деді Атамқұлов.

Министр «жақын арада біз қалыпты жұмыс режиміне оралып, азаматтық авиация саласында жоспарланған барлық міндеттерді орындаймыз» деген үмітін де жеткізді.

Оның айтуынша, биыл Түркістан қаласындағы жаңа халықаралық әуежай мен Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарланып отыр. Ал, қаржы табылса Өскемен және Үшарал қалаларындағы әуежайлардың тағы екі ұшу-қону жолағы жаңартылады.

«Жалпы, алдағы 5 жылда 13 әуе айлағын салу көзделіп отыр. Олардың құрылысы 2022 жылы басталады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары