S&P: Қазақстан банктері проблемалық несиелердің нақты санын жасырып отыр

Автор: Azattyq Rýhy

S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазақстандағы банктер туралы сараптамалық мақала жариялады

Фото: ашық дереккөзден

Forbes.kz S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазақстандағы банктер туралы жазған сараптамалық мақаланы жариялады. Онда Үкімет пен Қазақстанның Ұлттық банкі көп жылдар бойы банк секторын «тазалап», коммерциялық банктерге қосымша қолдау көрсетіп келе жатқаны айтылған.

«2017 жылы Үкімет ІЖӨ-нің 6%-на тең соманы проблемалық несиелерді сатып алуға және банк секторын қосымша капитализациялау бағдарламасы аясында субсидиялы несиелер беруге жұмсады. Бұл банк секторындағы тұрақтылықты қамтамасыз етті. Дегенмен, жаңа проблемалық несиелер санының артуының алдын ала алмады», - деп жазылған мақалада.

Сарапшылардың айтуынша, көптеген банктердің резерві проблемалық несиелерлі толығымен жаба алмайды.

«Біздің есептеуімізше, қазақстандық банктерге проблемалық активтер бойынша пайда болған шығынды толығымен жабу үшін шамамен 1 трлн теңге керек. Резерв пен проблемалық несие арасындағы алшақтықты жою үшін банктер резервтерін арттырулары тиіс немесе проблемалық қарыздармен жұмысты күшейтуі керек», - деп жазады мақала авторлары.