$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2019, 17:10
Экономика

Ұлттық банк 500 теңгені де монетаға ауыстыруы ықтимал – сарапшы

Ұлттық банк 2020 жылдан бастап 200 теңгелік монетаны айналымға шығармақ. Басты қаржылық ұйым бұны қағаз ақшаның тез тозуымен байланыстырып отыр

Ұлттық банк 500 теңгені де монетаға ауыстыруы ықтимал – сарапшы

«Азаттық рухы» бірнеше экономист сарапшыларға хабарласып, Қазақстандағы қағаз ақша номиналының басы – 200 теңгенің монетаға ауысуы инфляцияның белгісі емес пе деген мәселенің жауабын іздеді.

Қазақстандық сарапшылар бұл қадамды Ұлттық банк сияқты – қағаз ақшаның теp тозуымен байланыстырып отыр. Қаржыгер Дәурен  Мәжітов 200 теңгелік монетаның шығуы теңгенің құнсыздануы еш әсер етпеуі керек дейді.

«Біріншіден, «200 теңге тиынға айналады» деп қабылдау қате. Ол тиынға емес, темір монетаға айналып жатыр. Теңгенің 100/1 бөлігі тиынға айналса ол бөлек әңгіме. Сондықтан, екінші мәселе ретінде қағаз 200 теңгенің номиналдық құны ешқандай өзгеріссіз қалатынын ескеру керек. Яғни, темір түрінде де, қағаз түрінде де 200 теңгенің құны сол қалпында қалады. Бұл ешқандай инфляцияға, теңгенің құлдырауына әсер етпеуі тиіс», - дейді қаржыгер.

Сарапшы Расул Рысмамбетовтің айтуынша, 200 теңге баяғыда-ақ ірі ақшалар қатарынан түсіп қалған. Бірақ, оны басып шығаруға кететін шығын өсіп келеді екен.

«Монета ұзақ уақыт тозбайды, Ұлттық банк бәлкім дәл осы себепті монетаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған шығар. Ұлттық банк 500 номиналды купюроны    да монетаға ауыстыруы ықтимал, өйткені, 200 және 500 теңгелік қағаздар ең тозған купюролар», -деген болжамын айтты Расул Рысмамбетов.

Дегенмен сарапшы «бұл теңгенің құнсызданып бара жатқанының нышаны ма?» деген сұрақтың жаны бар дейді. «Бұның бәрі теңге арзандап бара жатқандықтан болып отыр, бізге ірі номиналды купюролар керек. Ал, 200-500-1000 теңгелер баяғыда-ақ ірі ақшалар қатарынан түсіп қалған», - дейді ол.

Айта кетейік, қазір  қазақстандық теңгенің бір долларға шаққандағы құны – 399 теңге,  ал бір еуро – 433 теңге.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары