15.02.2024, 13:36
Экономика
Елімізде бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы белгіленеді
Бұйрық жобасы 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды
Фото: asstal.kz
Қазақстан бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұйрық жобасында, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:
- Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге;
- Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге;
- дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге.
«Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін - 295 теңге.
Бұйрық жобасы 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды