14.02.2024, 16:41
Экономика
Қазақстанда зергерлік бұйымдар қымбаттады
Елімізде бағалы зергерлік бұйымдар өндірісі азайды
Фото: aif.ru
Ұлттық статистика бюросы зергерлік бұйымдар бағасы 4,9% өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаңтар айында зергерлік бұйымдар мен сағаттар жылдық мәнде 4,3% қымбаттады. Оның ішінде алтын неке сақиналарының бағасы бір жылда 2,9%, қол сағаттыкі 10,1% өскен.
Бұл ретте елімізде бағалы зергерлік бұйымдар өндірісі азайды. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында зергерлік және сол тектес бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмендеген.
Осылайша былтырғы 12 айда қазақстандық компаниялар 1,2 млрд теңгенің зергерлік және соған ұқсас бұйымын өндірген (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан – 1,4 млрд теңге).
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды
27.08.2026, 12:54
Қостанай облысында 16 жұмысшы қаза тапты: олардың өлімі неге есепке алынбай қалған
28.08.2026, 00:29
МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгенің негізсіз төлемі төленбей тұрып анықталды