13.02.2024, 12:42
Экономика
Елімізде мобильді аударымдар мәселесі қайта қаралады
ҰЭМ мен Қаржы министрлігі бұл мәселені қайта қарайды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мобильді аударымдар жайлы айтты.
Министр бұл сұрақ өте маңызды екенін атап өтті.
«Сондықтан мен бұл мәселені қайта қарауды тапсырамын. Бұл мәселені қаржы-экономикалық блокта тағы бір рет қарастырамыз. Тетік пен критерийлерін егжей-тегжейлі талқылаймыз», - деді Байбазаров.
Үкімет мүшесі бұл мәселеге қайта оралатындарын жеткізді.
ҰЭМ мен Қаржы министрлігі бұл мәселені қайта қарайды.
Еске салсақ, 2024 жылы Қазақстан кәсіпкерлік белсенділік белгілері бар мобильді аударымдарды жалпыға бірдей декларациялаудың екі кезеңінде тексереді.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
27.05.2026, 06:24
Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен оқушы көз жұмды
27.05.2026, 07:27
Аптап ыстық пен нөсер: 27 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
27.05.2026, 10:05
27 мамыр күні ауа сапасы қандай болады
27.05.2026, 11:15
80 жастағы қазақстандық спортшы Кейптаун марафонын бағындырды
27.05.2026, 10:33
Қостанай облысында мектеп өртеніп кетті
27.05.2026, 11:57
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, бір адам көз жұмды